Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия инвесторларына қолдау көрсетілетінін айтты

Фото: None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш елдің бірқатар кәсіпкерімен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.


Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды.

Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 14 маңызды құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Бүгін Президенттің Түркияға сапары жалғасты.



Соңғы жаңалықтар