Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркістан - күллі түркі жұртының қасиетті мекені

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында Түркістан қаласының маңызы туралы әңгімелеп берді.

«Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан - сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары», деді Президент.

Сондай-ақ түгел түркінің темірқазығы саналатын Түркістанға тәу ету ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр екенін айтты.

«Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер», деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар