Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйымның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыттары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түрік Кеңесінің саммитіне дайындық барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосып келе жатқан Кеңес аясындағы өзара ықпалдастыққа Қазақстанның дәстүрлі түрде зор мән беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар