Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның жаңа Президенті Сердар Бердімұхамедовті құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел халықтарының арасындағы көп ғасырлық достыққа, тату көршілік пен өзара қолдауға негізделген байланыстарды жалғастыра отырып, тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының қуатты әрі өркендеген мемлекет құру жөніндегі стратегиялық бағдарының сабақтаса жалғасатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті де сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, дауыс берушілердің іс-шараға белсенді қатысқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар