+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

2019 жылғы 11 қазан 13:01
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

АШХАБАД. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністіктің жоғары екенін атап айтты.

Қазақстан Президенті түрікмен көшбасшысына қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, оның қазақ-түрікмен қарым-қатынасына қосқан үлесіне тоқталды.

«Киелі түрікмен жеріне табаным тиген алғашқы сәттерден бастап маған көрсеткен құрметіңізге ризамын. Өзінің әсемдігімен көз тартатын Ашхабад қаласына тағы келгеніме қуаныштымын. Менімен бірге үлкен делегация келді. Біздің көптеген перспективалы жобаларымыз бар. Елдеріміз арасындағы әріптестік өте жоғары деңгейде дамып келеді деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен өзіңіздің үлестеріңіз зор»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесудің күн тәртібіндегі аймақтағы жағдай, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелер талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT