Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды

2023 жылғы 15 наурыз, 23:59
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

photo


photo
Осыған дейін 16 наурызда Түркия астынасында Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездесетіні хабарланды.

Сондай-ақ Президенттің Анкараға жұмыс сапарымен баратыны мәлім болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar