Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбегін жоғары бағалады

2022 жылғы 30 наурыз 19:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт – әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт – қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпарттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат – ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары