Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Рыбакинаға орамал мен сағат сыйлады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның - бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Мемлекет басшысымен кездесу сәтінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал», - деді Елена Рыбакина елордада теннистен «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады. Кездесу барысында теннисші Президентке Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартқанын жазған едік.

Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерді Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчын тамашалауға шақырды.

Еске салсақ, елордада 14-15 сәуір күндері теннистен Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында Польшамен матч өтеді.


Соңғы жаңалықтар