Қасым-Жомарт Тоқаев: Сот процесі түсінікті әрі ыңғайлы болуы қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сот процесі түсінікті әрі ыңғайлы болуы қажет. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот процестерін оңтайландыру және дауларды шешудің байланыссыз тетіктерін енгізу - бұл өте байыпты проблема. Сот процесінің бюрократиялануы және тым регламенттелген процедуралар әуре-сарсаңға алып келіп, қоғамда әділ сын тудырады. Сондықтан соттарды адамдармен жұмыста клиентке бағдарланған әдіс енгізілуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ҚР Президенті бұл бағытта алғашқы әрі маңызды қадамның жасалғанын атап өтті.

«Бұл орайда Төраға бастаған Жоғарғы соттың басшылығы сот жүйесін реформалау тұрғысында барынша белсенді әрі тиімді жұмыс істеп жатқанын мойындау керек. Жекелеген соттарда фронт-кеңселер ашылды. Бұл тәжірибені мақсатты түрде ұлғайту қажет. Сот өндірісіндегі барлық бизнес процестер ойлы әрі қарапайым логика тұрғысында дұрыс болуы тиіс. Процедуралар мен реламенттерді оңтайландырып, қажетсіздерін алып тастаған жөн. Сот процесі түсінікті әрі ыңғайлы болуы қажет. Азаматтар процедуралық барлық айла-әдістерді түсінуге міндетті емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы таяуда Әкімшілік-процессуалдық кодекстің қабылданғанын еске салды.

«Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Сот өндірісінің барлық формаларын оңтайландыру талап етіледі. Сот актілерінің сапасына ерекше назар аударған жөн» , - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар