+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур аға министрімен перспективалық жобаларды талқылады

2019 жылғы 14 қазан 19:32
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур аға министрімен перспективалық жобаларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек Қазақстан Президентінің апталық жұмысына видеошолу Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы қазіргі жағдайды және саяси, сауда-экономикалық салалар бойынша перспективалық жобаларды, сонымен қатар, цифрландыруға қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Ереванда өткен ЖЕЭО саммитінде Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен келелі келіссөз жасағанын жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобке өзінің сәлемін жеткізуді өтінді.

– Мен Сингапур Президентін бұрыннан танимын. Екеуміз де өз елдеріміздің Парламенттерінде спикер қызметін атқардық. Мен оның Мемлекет басшысы болғанына өте қуаныштымын,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өз кезегінде Тео Чи Хин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сингапур Президенті мен Премьер-министрінің ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта беруге ниетті екенін атап айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT