+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев «Siemens AG» компаниясының атқарушы директоры Джо КэзерДжо Кэзермен пікір алмасты

2020 жылғы 15 ақпан 17:08
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев «Siemens AG» компаниясының атқарушы директоры Джо КэзерДжо Кэзермен пікір алмасты

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Siemens AG» компаниясының атқарушы директоры Джо Кэзермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Дархан Кәлетаевқа бірқатар тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы «EcoJer» экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымын қабылдады

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда цифрландыруға қатысты көптеген жақсы бастамалар қолға алынғандығын, сондай-ақ бұл салада атқарылатын істер әлі де аз еместігін атап өтті.

«Көптеген жақсы бастамалар қолға алынғанымен, нәтиже әлі де қуантпайды. Біз алға жылжығымыз келеді», - деді кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда ҚР Президенті бұл салада тәжірибені жетілдіру қажеттігі бар екенін қадап айтты.

«Цифрландыруды жетілдірмей, ірі жобаларды іске асыру мүмкін емес. Сондықтан бұл салада да жаңалықтар енгізілгенін қалаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Джо Кэзермен Қазақстанда даму қарқыны жақсы екенін, сәйкесінше еліміз аумағындағы жобаларға қатысуға мүдделі екендіктерін атап өтті.

«Siemens AG» компаниясы элетротехника, электроника, энергетикалық жабдық, көлік, медициналық құралдар, сондай-ақ өнеркәсіп пен байланыс салаларында қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде олар Германия және Еуропалық одақтағы ірі индустриалдық концерн болып саналады. 1847 жылы негізі қаланған компанияның штаб-пәтері Мюнхен мен Берлинде орналасқан. Бүгінде 200-ден астам елде 289 кәсіпорны жұмыс істеп келеді. Қызметкерлерінің жалпы саны 385 мыңнан асты.

Айта кетейік, «Siemens» Алматыда (1994 жылы) өзінің өкілдігін ашқан болатын. 2000 жылы филиалын Нұр-Сұлтан қаласында, 2002 жылы Теміртау мен Атырауда іске қосты.

Қазіргі уақытта компания Қазақстан нарығындағы энергетика мен цифрлық технология саласында қызмет етуді қарастырып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT