Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді»,-деп жазды ол.

Саммит жұмысы сағат 12:00-де Хабар24 арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Қырғызстан астанасы Бішкекте бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы өтіп жатыр.

Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының дамуы, жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасылып, өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыға түседі.

Жииынға Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық жасайды.

Кеңеске Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон, сондай-ақ Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга қатысады.

Соңғы жаңалықтар