+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

2020 жылғы 9 қараша 22:07
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қараша күні видеоконференция форматында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады Мағзұм Мырзағалиев ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды Ауғанстан мен Ирак ШЫҰ қорғаныс министрлерінің назарында

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес Ресей Федерациясының төрағалығымен өтеді.

Саммиттің күн тәртібінде коронавирус пандемиясының әлемнің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген кері әсері кезінде Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басым бағыттары қарастырылады деп жоспарланып отыр. ШЫҰ елдерінің басшылары халықаралық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

«Сонымен қатар жиында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш бейне үндеу жасайды. Кездесу қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы және басқа да бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT