Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ аясында ауруды бақылаудың өңірлік орталықтарын құруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларын бірқатар мәселелерге назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШЫҰ – пандемияның жағымсыз салдарын еңсеруге келгенде талпынысты үйлестіру жолында өзінің мығымдығын көрсетті. Бәрімізге де түсінікті «Дос қиындықта сыналады» деген қанатты сөз эпидемия ушыққан кезде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығының рухын айқын сипаттайды. Өзара гуманитарлық көмек, мамандарды, эпидемиологтарды жолдау – біздің елдердегі жағдайды тұрақтандыруға көмектесті. Қазақстан тиісті мемлекеттерге, оның ішінде Ресей мен Қытайға аталмыш жаһандық проблема бойынша белсенді әрі өнімді ынтымақтастық білдіргені үшін алғысын білдіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлі де пандемияға қарсы ұзақ шайқас күтіп тұрғанын мәлім етті.

«Оның адамдардың денсаулығына, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикасына қалай әсер ететінін түсініп отырмыз. Бүгін бекітілетін эпидемияға қарсы бірлескен әрекеттердің кешенді жоспары – уақыт сынына берілген жауап. Осы ретте ДДСҰ ұранымен аурулар мен биоқауіпсіздікті бақылау бойынша өңірлік орталықтарды құру туралы біздің бастамамыз маңызды деп естептейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар