Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Урс Шмидті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуропадағы сауда, инвестиция және сыртқы саясаттағы маңызды әріптесі болып табылатын Швейцариямен екіжақты қатынастарының қарқынды сипатын атап өтті.

Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары сындарлы рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың барысын жоғары бағалады. Қазақстан мен Швейцария парламентшілері халықаралық парламенттік ұйымдарда, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясында табысты ынтымақтасып келеді.

Елші алдағы 9-12 шілдеде экономикалық ынтымақтастықтың мәселелерін қарастыру және талқылау үшін келетін экономика, білім және зерттеулер министрі Йоханн Шнайдер-Амман бастаған сауда-инвестициялық делегациясының сапары туралы хабардар етті.

Қазақстанның Еуразиядағы рөлі мен орнын ескере отырып, Бернде бұл сапарға баса назар аударып отыр.

Соңғы жаңалықтар