Қасым-Жомарт Тоқаев штабының мүшелері Павлодар облысында болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб басшысы Мәулен Әшімбаев ұлтаралық келісім тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы саясатының негізі саналып келгенін айтты.

- Ұлтаралық келісім, татулық пен тұрақтылық, конфессияаралық диалог Елбасы саясатының негізі болып саналады. Өзінің сайлауалды бағдарламасында сабақтастық қағидасына басымдық берген Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде осы жолды әрі қарай сақтау үшін барлық шараны қолға алады, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар РҚШ мүшелері Қазақстан электролиз зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталды.

- Кандидатымыздың бағдарламасы сабақтастық, әділдік және өрлеу деген үш негізгі қағидаға табан тірейді. Сабақтастық арқылы еңбек адамдарын қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау сияқты Елбасы саясатының барлық басымдықтарын сақтау көзделіп отыр. Заманауи қоғамдағы әділдік дегеніміз барлық азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматқа жұмыс істеуге, лайықты табыс табуға, сапалы білім алып, медициналық көмекке жүгінуге тең мүмкіндік жасауды және Елбасы бастаған сот жүйесін реформалауды жалғастырып, құқық қорғау органдарының қызметіне қоғамдық бақылау жүргізуді күшейтуді қолға алады. Өрлеу қағидасы жеткен жетістіктерге тоқмейілсімей, үнемі дамып, ілгері ұмтылуға үндейді, - деді Мәулен Әшімбаев.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында жас буынмен кездескен РҚШ мүшелері Қ.Тоқаевтың бағдарламасында өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуына арналған басым бағыттардың көрсетілгенін айтты.

- Бағдарламада жастарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Құжатта «Президент резерві», «Жас кәсіпкер» сияқты жас буынға арналған бағдарламалардың қолға алынатыны туралы айтылады. Бұл жастардың қызметте өсуіне және бизнеспен айналысуларына мол мүмкіндіктер береді, - деген Мәулен Әшімбаев жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту мәселесі де бағдарламада қамтылғанын атап өтті.

Одан бөлек, штаб мүшелері «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының қызметкерлерімен және Екібастұз қаласының да жұртшылығымен кездесті.

Соңғы жаңалықтар