Қасым-Жомарт Тоқаев штабының мүшелері «Локомотив» АҚ еңбек ұжымымен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының мүшелері «Локомотив» АҚ эксплуатациялық локомотив депосының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасын түсіндірді.

«Біздің мақсатымыз - транзиттік уақытта сайлау процесін қалыпты өткізу. Мынадай бейбіт заманда бізге саяси тұрақтылық керек. Саяси тұрақтылықтың ең биік деңгейін көрсетейік», - деді қалалық штаб басшысы Рахман Алшанов.

Жиын барысында үгіт-насихат тобы үміткердің сайлауалды бағыттары туралы түсіндіріп, жұмысшылардың талап-тілегін тыңдады.

Айта кету керек, Қазақстанда 11 мамырдан бастап ҚР Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 8 маусым 00:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар