+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Шілденің соңына дейін әмбебап мобильді бригада саны 3,5 мыңға жеткізіледі

2020 жылғы 8 шілде 21:05
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Шілденің соңына дейін әмбебап мобильді бригада саны 3,5 мыңға жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қазіргі уақытта әмбебап мобильді бригада құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады - Президент «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады - ҚР Президенті

«Мемлекет жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Алғашқы медициналық көмек қызметтері күшейтілуде. Үйде халыққа кешенді медициналық қызметтерді көрсету үшін 400 әмбебап мобильді бригада құрылды. Шілде айының соңына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.

Президенттің айтуынша ауруханалардағы төсек орындарының санын көбейту жұмыстары басталып кеткен.

«Мен нұсқау берген сәттен бастап коронавируспен ауыратын науқастарға арналған төсек-орын саны 70%-ға артып, 43 мыңға дейін жеткізілді. Бұл жұмысқа әскери дәрігерлерлер де белсенді араласып жатыр. Қарулы күштердің ресурстарының арқасында 500-ден астам төсек орналастырылды. Ерекше таралу ошақтары орнында далалық ауруханалар жасақталуда», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT