Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

АБУ ДАБИ. ҚазАқпарат - Президент Абу Даби Әмірлігін билеуші әулетінің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, «Etihad Towers» көпфункционалды кешенінің иесі, «First Abu Dhabi Bank» акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқандарын атап өтті.
Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Қазақстан Президентіне өзінің «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты.
Алдағы уақытта да Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
- Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Түркияның Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
-
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам