Қасым-Жомарт Тоқаев: Шетелде біздің жетістіктерімізді көре алмайтын адамдар аз емес

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының пайымынша, қазіргі қоғамда адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сенімі азайып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті. Бұл туралы ол Абай облысы жұртшылығымен кездесуде айтты, деп жазды ҚазАқпарат.

«Қатігездік пен сенімсіздік, немқұрайлылық, енжарлық – халықты жарға жығатын жағымсыз әдеттер. Біз ел боламыз десек, ең алдымен, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Сондай-ақ, өзара тілектестік пен бауырмалдықты әрдайым дәріптеуіміз керек. Мұны Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. Ұлы ойшылдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиетін ұмытпайық, ағайын!» - деді Қасым-Жомарт Кеемелұлы.

Президент елімізде жауапкершілік идеологиясы орнығуға тиіс екенін атап өтті. Әлемдегі ахуал аса күрделі болып кетті. Осындай жағдайда бүкіл ұлт болып ұйысып, бірігуіміз керек.

«Әрбір саясаткер, қоғам қайраткері, журналист, блогер немесе жалпы азаматтар сөзі мен әрекетінің жауапкершілігін сезінуге тиіс. Қазір әр ісіміз мемлекет мүддесіне сай болуы қажет. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ.

Өкінішке қарай, ашығын айту керек, шетелде біздің жетістіктерімізді көре алмайтын адамдар аз емес. Олар, тіпті, біздің елімізге ақпараттық шабуыл да ұйымдастырады. Оның бәрін көріп отырмыз. Міне, біз елге қатер төндіретін осындай теріс үрдістердің де бар екенін ұмытпауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы абайлықтарға.

1 11:41

Президент: «Ең басты мақсат – мемлекеттің мүддесі. Отанымызды өркендетуге бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Аймақтарды дамытуға мемлекет қана емес, бизнес өкілдері де атсалысуы қажет. Сондықтан, мен осы өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырамын»



Фото : t.me/bort_01





Соңғы жаңалықтар