Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.

Айта кетерлігі, Шавкат Миромонович Мирзиёев бүгін 62 жасқа толды. Ол 1957 жылы 24 шілдеде Өзбекстанның Жизақ облысында дүниеге келген. Айта кетерлігі, Шавкат Мирзиёев 2016 жылы сайлауда жеңіске жетіп, сол жылы 14 желтоқсанда Өзбекстан Президенті қызметіне кіріскен болатын.


Соңғы жаңалықтар