+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы

2020 жылғы 15 тамыз 13:13
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды Жаңадан құрылған агенттік басшысы Президентті алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

«Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін аты аңызға айналған сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов халық әртісінің өмірі мен отбасылық құндылықтары туралы айтып берді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі басталды. Әуенді марафон Қазақстанның халық әртісі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналды.

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT