Қасым-Жомарт Тоқаев: Сепаратизмнің кез келген белгілеріне қарсы тұруымыз керек

None
Photo: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында сепаратизм белгілеріне Қазақстан халқы жұрт болып қарсы тұру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесу қажет. Біз қоғамдық өрісте әртүрлі жалған немесе фейк, деструктивті жарияланымдардың айтарлықтай көбейгенін көріп отырмыз.

Ондай жарияланымдардың басым көпшілігінде авторлардың Қазақстанмен еш қатысы жоқ. Шетелден әрекет ете отырып, қоғам арасында жанжал тұқымын себуге тырысады. Олардың риторикасы мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын қалыптастыруға, адамдар арасындағы алауыздықты қоздыруға, мемлекеттік қауіпсіздікті бұзуға бағытталған», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, теріс пиғылдағылардың талпынысымен тұрмыстық немесе қылмыстық сипаттағы кез келген кикілжің этносаралық деңгейге шығып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Сондықтан біз жауапты азаматтар ретінде ракдикализмнің, экстремизм мен сепаратизмнің кез келген белгілеріне қарсы тұрып, бұл мәселеде байыпты әрі қатаң, түптеп келгенде әділетті болуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар