Қасым-Жомарт Тоқаев Семейдегі Жедел жәрдем ауруханасының жұмысымен танысты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақор даға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің даму барысы жөнінде мәлімет беріліп, облыстың осы салада жеткен жетістіктері туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «100 мектеп - 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған көпсалалы аурухананың жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа медициналық мекеменің емдеу-сауықтыру, ота жасау бөлмелері көрсетіліп, негізгі қызмет бағыты жөнінде мәлімет берілді.

Жалпы аумағы 44,5 мың шаршы метр болатын ауруханада 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бір уақытта 345 науқасты қабылдап, алғашқы медициналық қызмет алады.

Қазақстан Президенті Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында өңірде мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық мекемелердің, республикалық ғылыми орталықтардың бөлімшелерін ашу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау саласын толықтай цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.

Соңында Қазақстан Президенті медициналық мекеме ұжымына табыс тіледі.

null null

Соңғы жаңалықтар