Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы қарсыластарына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы қарсыластарына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл сайлаудың ерекшелігі - көп кандидаттың тіркелуі. 7 кандидат сайлауға қатысты. Олар өз бағдарламасын жариялау мүмкіншілігіне ие болды. Сондықтан бұл сайлау қызықты, өте ашық түрде өтті деп айтуға болады. Олардың ұсыныстары, пікірлері өте ұтымды болды. Ең пайдалы ұсыныстарын міндетті түрде мен өз жұмысым барысында пайдаланамын. Сондықтан өзге канидаттарға, өзге үміткерлерге алғысымды білдіргім келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Соңғы жаңалықтар