Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы теледебатқа неге қатыспайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үгіт-насихатты кандидаттың өзі анықтайтын сенімді өкілі өкілеттігі шегінде жүргізеді. Сондықтан бұл жағдайда сенімді өкіл кандидаттың атынан пікірсайысқа қатысады. Өйткені, кандидат оған сенім білдіріп отыр. Нақты себебіне келер болсақ, бұл сұрақтың Орталық сайлау комиссиясына қатысы жоқ. Біз алғашқы отырыс өткізгеннен кейін барлық штабқа сауал жібердік. Штаб бізге дебатқа қатысатын кандидатураларды ұсынды. Сенімхатын қарадық. Олар міндеттерге толық сай келеді. Сондықтан осындай тізім бекітіліп отыр», - деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысқа Қасым-Жомарт Кемелұлынан басқа кандидаттардың барлығы қатысады.


Соңғы жаңалықтар