+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының инвестиция министрін қабылдады

2021 жылғы 27 қыркүйек 15:08
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының инвестиция министрін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халид Әл-Фалихтің сапары Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудимен телефон арқылы болған мазмұнды әңгімелесудің жалғасы екенін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанға 30 жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді.

– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және оның мәнін тереңдете түсу үшін көптеген мүмкіндік бар екеніне сенімдіміз. Осы орайда, Тақ мұрагерімен телефон арқылы әңгімелесу кезінде болашақта қолға алынатын бірқатар жобаны талқыладық. Өзара іс-қимылдарымыз тереңдей түседі. Елімізге жасаған сапарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңызбен және менің Әкімшілігімнің жұмыс жүргізуімен екіжақты байланыстарымызды шынайы ілгерілетеміз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Халид Әл-Фалих Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың және Корольдіктің Тақ мұрагерінің сәлемдерін жеткізді.

– Олар Қазақстанға одан әрі өркендеу мен игілік жолында қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндерін нақтылады. Қазақстанның жүргізіп отырған реформалары мен Орталық Азиядағы көшбасшылығын, сонымен қатар 30 жыл бұрын таңдаған бірегей жолын жоғары бағалайды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған сындарлы саясат өзіңіздің парасатты басшылығыңызбен жалғасып келеді, – деп атап өтті Сауд Арабиясының министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT