Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясында Инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады
14:10, 24 Шілде 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының ірі компанияларының басшылары бас қосатын Инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Санаулы минуттардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Инвестициялық дөңгелек үстел басталады. Жиынға Сауд Арабиясы ірі компанияларының басшылары қатысады» делінген хабарламада.