+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы КК төрағасын ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

2021 жылғы 19 қазан 13:35
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы КК төрағасын ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақорда резиденциясының алдында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясын ислам әлеміндегі сенімді серіктес әрі Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.

– Сауд басшылығымен әрдайым байланыстамыз. Тамызда Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудмен телефон арқылы әңгімелескен кезде бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ал қыркүйек айында Инвестиция министрі Халид әл-Фалихпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа серпін береді деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сауд компанияларының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейх қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, еліміздегі сапарының табысты өтіп жатқанын айтты.

– Мен бауырлас, достас Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Біз парламенттік деңгейде бірқатар жемісті кездесу өткіздік. Мұндай жүздесулер елдерімізді жақындастыра түседі. Мемлекеттеріміздің басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда осындай сапарлардың мәні зор деп есептеймін, – деді Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы.

Сонымен қатар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абдалла Әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT