Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласына қатысты Үкіметке тапсырмалар жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық әкімшілендіру саласына қатысты Үкіметке тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, өсімді қалпына келтіру кезеңінде Үкімет жаңа жағдайларға негізделген салықтық-бюджеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу керек.

Салықтық әкімшілендіру мәселесі өзекті болып тұрғанына тоқталған Мемлекет басшысы, соңғы кездері кәсіпкерлердің салық органдарына шағымы жиілеп кеткенін атап өтті. Шағын қарыздар үшін шоттары бұғатталады. Сонымен қатар есептілікті қабылдау жүйесі үнемі істен шығып жатады.

«Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Ол цифрлық шешімдерге, осы орайда ауқымды мәліметтер мен блокчейн технологиясын пайдалануға негізделуі тиіс», - деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы онлайн кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды пайдаланған жағдайда, жеке кәсіпкерлерді салықтық есептілікті ұсынудан босату мәселесін қарастыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар