Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Джидда қаласына барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БОРТ №1» Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін әуежайда Корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.

23-24 шілдеде Сауд Арабиясы Королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар