+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысының губернаторын қабылдады

2021 жылғы 26 шілде 17:57
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысының губернаторын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ресейдің Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысының Оңтүстік Кореяға сапары жайлы жаңа деректі фильм шықты ҚР Президентінің БҰҰ Азық-түлік жүйелері саммитінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні Қазақстан жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды – Тоқаев

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және екі ел өңірлерінің ықпалдастығы кеңейе түскенін атап өтті. Осы ретте Өңіраралық ынтымақтастық форумы тиімді диалог алаңына айналып отыр.

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асыруда. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды рөл атқарып отыр.

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланыстарын нығайтуына, ата-бабаларының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT