Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар Президент Сочидегі Валдай форумынан алған әсерімен бөлісіп, жиынның жоғары деңгейде өткенін айтты.
– Біздің елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сергей Лавров Мемлекет басшысына Қазақстан-Ресей арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ол екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысы туралы айтты.
– Біздің пайымдауымызша, байланыстарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс, – деді ресейлік дипломат.
- ҚР Президентінің кеңесшісі Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
- Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» челленджін қолдады
- Орталық Азия СІМ өкілдері қауіпсіздік мәселелерін талқылады
- АҚШ-тың аналитикалық және қаржы құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі
-
Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
Израиль министрі еврейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам