Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Осыған дейін Мемлекет басшысының Ресейге және Францияға ресми сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар