+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев қандай вакцина салдырады

2021 жылғы 6 сәуір 15:34
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев қандай вакцина салдырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өндірілген вакцина салдырады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының «Сұқбат» бағдарламасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
119 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды 2333 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 2587 адамнан коронавирус анықталды

«Мемлекет басшысы қыстағы жолдауларының бірінде қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтып, барлық азаматты вакцина алуға шақырған болатын. Жалпы салдыру ойында бар. Ол жайында дер кезінде құлағдар боласыздар деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар Берік Уәли өзінің де вакцина салдыру ойында бар екендігін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, былтыр елмен бірге менде ауырдым. 20 күндей ауруханада жатып емделдім. Оның бес күнінде реанимацияда жаттым. Ауыр жағдайды өткердім. Құдайға шүкір, отандық медицинаның арқасында сауығып шықтым. Таяуда антиденемді анықтатқанымда 74 пайыз бар болып шықты. Дәрігерлердің пайымынша, ол 30 пайыздан төмендегенде вакцина салдыруға болады екен. Осы хабарға келердің алдында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кеңескенімде ауырып тұрған адам 6 айдан кейін вакцина салдыруға болатындығын айтты. Менде вакцина салдырсам деп отырмын. Отандық вакцина бұйыртса сәуір айының соңында қолданысқа енгізіледі», - деді ол.

Осы ретте ол ресейлік және қазақстандық вакцинаның қайсысын салдыратындығын атады.

«Мен отандық вакцинаны салдыратын шығармын. Өйткені, отандық медицинаны қолдау үшін соны таңдап отырмын. Сонымен қатар баршаңызды вакцина салдыруға шақырамын. Мемлекет басшысының өзі де бірнеше рет халықты вакцина салдыруға шақырып, індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина екендігін айтты. Шын мәнінде бүкіл әлем халқы салдырып жатқаннан кейін кертартпа пікірлерге ермей, вакцина салдыру керек», - деді Берік Уәли.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT