+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды

2020 жылғы 29 маусым 19:24
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT