Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің не үшін бір мерзімге сайлануы керектігін түсіндірді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.

Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол б ұл реформа не үшін жасалмақ деген сұраққа да жауап берді.

«Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын, көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр», - деді Президент.

Мемлекет басшысы к езектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленгенін еске салды. Содан соң бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткізуге уәде берді. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасайтынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар