Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне алынған жастармен кездесуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, өткен жылы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадр резерві құрылатынын мәлімдеді. Ал сол жылдың тамыз айының соңында Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Қыркүйек айында Президенттің жастар кадр резервіне өтінім қабылдау басталды.

Бүгінде Президенттің жастар кадр резервіне енген 300 қазақстандық анықталған. Жеңімпаздардың орташа жасы - 31.

Жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан көруге болады.









Соңғы жаңалықтар