Қасым-Жомарт Тоқаев: Президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің жан-жақты дамуы тұрғысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыру үшін мен сайлауға қатысамын», - деді Мемлекет басшысы«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан алдағы сайлауға ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.

Соңғы жаңалықтар