Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
«Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады. Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты. Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан бері Мемлекет басшысының қызметі туралы 600 сағаттық видеотүсірілім жасалып, 56 деректі фильм, 450 видеоролик дайындалған. Көптеген видеоматериалдар Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріне жүктелген« деп жазды ол.
Берік Уәлидің келтірген дерегіне сай, Президенттің Телерадиокешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абайдың қара сөздері» және «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» деректі фильмдер циклын түсіруді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Президент Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
»Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ақорда» резиденциясында орнатылған UHD (4K) аппараттық-студия кешені таныстырылды. Бұл кешен жоғары сапалы видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі» деп жазылған хабарламада.
- Меморгандардың ақпаратына қолжетімділікке сараптама жасалады - министр
- Аида Балаева кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
- Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
- Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
-
Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам