Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қандай мәселелерді талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми сапарын Мәскеуден бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Бұл - Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ. Сапар бағдарламасының негізгі тармағы РФ Презиенті В.Путинмен арадағы келіссөздерге арналады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, екі ел көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

«Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған», - деді А.Смадияров.

Соңғы жаңалықтар