Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі кеңейтіп, дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Сонымен қатар, бүгінгі шараны ұйымдастыруға зор үлес қосқаны үшін Корея халықаралық сауда қауымдастығына алғыс айтамын. Елдер арасында ерекше достық қатынас орнаған, ал екіжақты сауда-экономикалық әріптестік жоғары оңтайлы қарқынмен сипатталып отыр. Қазақстан мен Корея арасында инвестицияны қорғау туралы келісімге 1996 жылы қол қойылған еді. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 7 млрд АҚШ долларына тарта инвестиция құйды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Корея Республикасы Азия өңірінде Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі саналатынын атап өтті.

«2017 жылмен салыстырсақ, тек 2018 жылы тауар айналымы көлемі 2 еседен астам деңгейде өсіп, 4 млрд долларға жуықтады. Біздің елдер бірлескен жобаларды экономиканың түрлі секторларында жүзеге асырып жатыр. Бұл тұрғыда құрылыс, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, машина жасау, қаржы, денсаулық сақтау және басқа да салалар қамтылды», - деді Мемлекет басшысы.
null

Президент осы ынтымақтастықтың әлеуеті әлі де жоғары екенін қадап айтты.

«Бүгін біз бірлескен жобаларға қатысты экспозицияларды қарап шықтық. Осы орайда екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылының локомотиві болуға қауқарлы өте үлкен жобаның жетіспейтіні байқалады», - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда іскерлік бастамалар мен инвестицияларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Бизнес-форумға екі ел тарапынан 500-ге тарта бизнес өкілі қатысуда. Онда машина жасау, медицина, химия өнеркәсібі, құрылыс және басқа да басымдықты салалар талқыланды. Форум барысында 3,2 млрд АҚШ доллары сомасындағы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар