Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің алтыншы сессиясын ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 6-шы шақырылымдағы Парламенттің 6-шы сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің 107 депутатының 98-і және Сенаттың 49 депутатының 44-і қатысып отыр. Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда. Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.


Соңғы жаңалықтар