Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды

2019 жылғы 17 мамыр 19:24 408
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті елордадағы «Боталы» отбасы денсаулығы орталығын көрді Тоқаев АЭФ-қа қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен жаһандық үрдістерді талқылады

Мемлекет басшысына халықаралық қолжетімді стандарттар бойынша қайта жаңғыртылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай ыңғайластырылған жаттығу, ойын залдары, жүгіру жолағы, жекпе-жек және пауэрлифтинг аумағы бар паралимпиада орталығы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайтынын әрі халықаралық ареналардағы біздің спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтып, жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар, Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді. 
Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды 

- Осы орталықтың арқасында елордамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдану тегін болып отыр. Елімізде 680 мыңға жуық әртүрлі деңгейдегі мүмкіндігі шектеулі жан бар. Қолымыздағы деректерге қарағанда сол азаматтардың 3 пайызы ғана белсенді түрде спортпен айналысады екен. Бұл жағдайды өзгерту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін түске дейін еңбек және жұмыспен қамту бойынша кеңес өткіздім. Сол жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуын жіті назарда ұстау керектігі айтылды. Бұл - үлкен әлеуметтік міндет. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың толыққанды өмір сүруіне бар күшігімізді салуымыз керек, - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында мүмкіндігі шектеулі спортшылар өз өнерлерін көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды 
Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды 
Қасым-Жомарт Тоқаев: Паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT