Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының «Джинна» халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

– Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Бұған дейін, жұма күні Pakistan International Airlines (PIA) жолаушылар ұшағының Карачи қаласына жақын маңда апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын. Бортында жүзге жуық жолаушы бар лайнер Джинна халықаралық әуежайына қонуға аз қалғанда құлаған.


Соңғы жаңалықтар