Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы аясында Ташкентте гала-концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мерекелік шара Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Өзбекстанның халықаралық форумдар сарайында өтуде. Өзбекстан басшысының Фейсбуктегі ресми парақшасында іс-шара тікелей эфирден көрсетілуде.

Гала-концерт басталар алдында Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері құттықтау сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылына бастау берді.

Еліміздің өнер шеберлері мен шығармашыл жастарының гала-концертін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Оған КСРО және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов және халықаралық конкурстардың лауреаты Мария Мудряк келді. Сонымен бірге концертте «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

Қазақстандық әртістер өзбек көрермендеріне М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының үзінділерін, «Астана» балет театрының хореографиялық композицияларын, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің, Қ. Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры мен мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының өнерін ұсынады.

Айта кетейік, 14-15 сәуір күндері Қазақстан басшысы Қ.Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен аталмыш елде мемлекеттік сапармен болды. Оның қорытындысы бойынша қос ел Президенті Бірлескен мәлімдеме жасады. Бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

null null null null null null null null null null null

null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар