Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік жұртшылығына жоспарларын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысы және Шымкент қаласында болдым. Онда жұртшылық өкілдерімен жоспарларымды бөлістім. Алда атқаратын қыруар жұмыс тұр. Сабақтастықты сақтау, әділеттілікті қолдау және ілгерілеуді қамтамасыз ету - ең басты міндетіміз», - деп жазды Мемлекет басшысы Твитердегі парақшасында.

Айта кетейік, Қ.Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында әкімдерге имидждік іс-шараларды азайту туралы тапсырма беріп, әкімдердің жылына бір рет халыққа есеп беру кездесулері көзбояушылық екенін ашық айтты. Ал Шымкентке сапарында Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына Shymkent City қалашығы мен әуежайдың жаңадан салынатын терминалының, сондай-ақ, цитадель Қошқар ата өзенінің бойы және «Тұран» шағынауданының жобалары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар