Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді

None
None
ОМБЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар