+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

2020 жылғы 17 ақпан 14:12
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты Елордада полицейлер карантин режимін қасақана бұзған ер адамды ұстады Елордадағы блокпостта әскерилердің қызметі қалай жүріп жатыр

Кездесуде Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Қазақстан Президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспарлары, қазақ драма театрының құрылысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді.

Жалпы, Президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT