Қасым-Жомарт Тоқаев неміс бизнесмендеріне эксклюзивті шарттар жариялады

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында Берлин Еуразиялық клубының 28-отырысына қатысып, оның барысында неміс бизнесмендері үшін эксклюзивті шарттарды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AXICA Берлин конгресс-орталығында өткен шараға ГФР Үкіметінің жоғары лауазымды қызметкерлері, сарапшылар, журналистер мен герман бизнесінің 250-ден астам өкілі қатысты.

«Соңғы 3 жылда әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық саясат айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Санкциялар мен саудадағы шектеулер дипломатияның дәстүрлі құралдарын жиі алмастыра бастады. Сауда кедергілері күн сайын пайда болуда», - деді Мемлекет басшысы.

сы орайда Қазақстан Президенті жеткізілімдердің дәстүрлі тізбесінде айтарлықтай өзгерістердің орын алып, протекционистік саясаттың күшейе түскендігін атап өтті.

«Осынау күрделі жағдайда біздің еліміздің сыртқыэкономикалық және сауда саясаты ашық, сындарлы әрі қарапайым. Қазақстан әлі де болса кәсіподақтармен, елдермен және компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуропалық елордалармен тұрақты конструктивті диалогты қолдап, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі сынды халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты жолға қойып отыр.

Қазақстан Президенті елімізде 24 млн гектар егістік, 200 млн гектарға жуық шабындық алқабының бар екендігін, Ресей мен Қытай нарығының жақындығын айта келе, неміс инвесторларын ауыл шаруашылығына инвестиция салуға шақырды. Ел Үкіметі неміс бизнесмендеріне барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

«Kazakh Invest пен Қазақстанның тікелей шетел инвестициялары қорына арнайы неміс бөлімін ашуды тапсырамын. Олар тікелей неміс инвесторларымен жұмыс істейтін болады», - деген Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Қазақстанның даму банкіне неміс бизнесіне жәрдем көрсетуге кеңес берді.

«Бұл шаралар біздің жүйе үшін жаңа болып саналады. Біз оларды басқа бірде-бір елге ұсынған емеспіз. Үкімет пен инвесторлардың дұрыс әдісі мен қарым-қатынасы болған кезде оларды шынымен де тиімді жұмыс істеуге болатын шараларға айналдыратындығына шынайы үміт артамын», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар